Адам өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматтары Ресейден экстрадицияланды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған.
Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген.
"Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақатын келтірген. Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленушінің қимылсыз қалғанына көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Күдіктілердің екеуі дереу ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды.
Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.
Мұндай қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0