https://sputnik.kz/20250119/qaskelennen-almatyga-aparar-zhol-segiz-zholaqty-bolady-50103220.html
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
Sputnik Қазақстан
Жолдың кеңеюі кептелісті азайтады 19.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-19T11:34+0500
2025-01-19T11:34+0500
2025-01-19T11:34+0500
қаскелең
жол
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36194082_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_840216210dd0c234ea3c21ff16fe6adc.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды көлік министрлігі.Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелісті азайтады. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.
қаскелең
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36194082_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_927ebfc2eae62f675cd13a54bca353fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаскелең, жол
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
Жолдың кеңеюі кептелісті азайтады
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелісті азайтады. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.