https://sputnik.kz/20250119/batys-ukrainadagy-arnayy-askeri-operatsiya-turaly-malimdeme-zhasady-50103866.html
Батыс Украинадағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеме жасады
Батыс Украинадағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ мерзімді перспективада Украинадағы арнайы операцияда жеңімпаз Ресей болады. Бұл туралы Daily Express басылымы жазды, деп... 19.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-19T12:18+0500
2025-01-19T12:18+0500
2025-01-19T12:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49981853_0:1:780:440_1920x0_80_0_0_269d588b88cda87b33dec4f759823ed5.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ мерзімді перспективада Украинадағы арнайы операцияда жеңімпаз Ресей болады. Бұл туралы Daily Express басылымы жазды, деп хабарлайды Риа Новости.Сондай-ақ мақалада АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге қол жеткізуі мүмкін екені, бірақ оған 24 сағаттан әлдеқайда көп уақыт кететіні атап өтілген.Бұл ретте мақалада арнайы операцияның салдары Ресейге де ауыртпалық түсіретіні айтылған.Украинаның нақты экономикалық банкроттығы, оның майдандағы жеңілістері және оның серіктестерінің Киевті шексіз қаржыландыру қажеттілігінен шаршауы салдарынан Батыс және ел ішінде бейбіт келіссөздерді бастау қажеттілігі туралы көбірек айтыла бастады.Ақ үйдің сайланған басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағат ішінде шешуге ниетті екенін атап өтті. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөздеріне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығысты бір күнде шешу өте қиын мәселе деді.Мәскеу өз кезегінде Украинадағы жағдай бойынша келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен, маусым айында президент Владимир Путин қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы бастамалар көтерді: Мәскеу атысты дереу тоқтатады және Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан Украина ұарулы күштері шығарылғаннан кейін келіссөздерге дайын екенін хабарлады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49981853_97:0:684:440_1920x0_80_0_0_4697ebe6e07ad42e4240bebffe3b2361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Батыс Украинадағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеме жасады
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ мерзімді перспективада Украинадағы арнайы операцияда жеңімпаз Ресей болады. Бұл туралы
Daily Express басылымы жазды, деп хабарлайды
Риа Новости. "Владимир Зеленский қорқынышты жылдамдықпен әскерлері мен аумағынан айырылуда. Қазір қақтығысты шешу қажеттігін ашық айтып жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада бір ғана жеңімпаз болады, ол – Ресей", - деп жазады басылым.
Сондай-ақ мақалада АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге қол жеткізуі мүмкін екені, бірақ оған 24 сағаттан әлдеқайда көп уақыт кететіні атап өтілген.
Бұл ретте мақалада арнайы операцияның салдары Ресейге де ауыртпалық түсіретіні айтылған.
Украинаның нақты экономикалық банкроттығы, оның майдандағы жеңілістері және оның серіктестерінің Киевті шексіз қаржыландыру қажеттілігінен шаршауы салдарынан Батыс және ел ішінде бейбіт келіссөздерді бастау қажеттілігі туралы көбірек айтыла бастады.
Ақ үйдің сайланған басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағат ішінде шешуге ниетті екенін атап өтті. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөздеріне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығысты бір күнде шешу өте қиын мәселе деді.
Мәскеу өз кезегінде Украинадағы жағдай бойынша келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен, маусым айында президент Владимир Путин қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы бастамалар көтерді: Мәскеу атысты дереу тоқтатады және Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан Украина ұарулы күштері шығарылғаннан кейін келіссөздерге дайын екенін хабарлады.