Әуежайларда шекаралық бақылаудан өту жеңілдетіледі

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуСотрудник пограничной службы ставит штамп о пересечении границы. Архивное фото
Сотрудник пограничной службы ставит штамп о пересечении границы. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Көлік министрлігі әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оған сәйкес, әуежайларда шекаралық бақылаудан өту тәртібі жолаушылар үшін ыңғайлы бола түспек. Сондай-ақ тиісті рәсімдер жеңіл әрі жылдам жүргізілуі шарт. Атап айтқанда:
шекара қызметімен келісілген ұшу/қону кезінде жолаушылардың рәсімдерді өту уақытын реттейтін стандарттың болуы;
бақылаудан өтуге дейін жолаушылар үшін рәсімдерді өту талаптары туралы қолжетімді ақпараттың болуы;
паспорттық тексеру кезінде жолаушыларға қызмет көрсетудің жылдамдығын шекара қызметімен келісу;
жылына 1 миллионнан астам жолаушы ағыны бар әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы шарт.
Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, шекаралық бақылау қызметкерлері әдептілік сақтауы маңызды:
жолаушылар ағыны және аймақтың өткізу қабілетін жедел ұлғайту мүмкіндігіне қарай шекаралық бақылау қызметі персоналының тәуліктік жұмыс кестесінің болуы және әуежаймен келісуі;
қызметкердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар стандартының және орындалуына бақылаудың болуы шарт.
Жаңалықтар
0