Астанада туыстарын пышақтап тастады деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2025
Жазылу
Отбасылық жанжал телефоннан шыққан
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астанада 21 жастағы жігіт өзінің немере ағасын өлтіріп, ал үш туысын пышақтап кетті деген күдікке ілінді.
Желіде оның ұсталу сәтінен видео тарады. Алдын ала нұсқаға сәйкес, отбасылық жанжал телефоннан шыққан.
Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған.
Ашуға булыққан жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.
Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Күдікті – 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатырә, - делінген полиция мәліметінде.
Жаңалықтар
0