Қазақстандық қайта өңдеушілер полипропиленді пайдалануды үш есеге арттырды
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Жазылу
Биыл оның өндірісі артады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық қайта өңдеушілер KPI зауытының полипропиленін пайдалануды үш есеге арттырды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясы.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ

Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Атырау облысында орналасқан "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." (KPI — ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы) газ-химия кешені өндірісті ұлғайтуға ниетті.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ

Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
"Кәсіпорынға 2025 жылы тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге, сенімділікті арттыруға және полипропилен өндірісін ұлғайтуға, сондай-ақ ішкі сұранысты өтеу үшін отандық қайта өңдеушілермен өзара байланысты нығайтуға бағытталған нақты міндеттер қойылды. 2024 жылы KPI зауыты 248,7 мың тонна полипропилен өндірді", - делінген компания хабарламасында.
"ҚазМұнайГаз"-дың хабарлауынша, қазіргі уақытта зауыт полипропиленнің 9 түрлі мақсатты маркасын шығарады, оның 5 түрі бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген. Биыл қаңтардың аяғына дейін тағы екі жаңа марканы игеру жоспарланып отыр.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ

Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Бүгінде KPI компаниясының Қазақстан нарығындағы үлесі 50%-дан асты. Елімізде полипропилен импорты 2022 жылғы 63%-дан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 17%-ға дейін қысқарды.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ

Газохимический комплекс ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." КМГ
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Кәсіпорынның 80%-дан астам қызметкері — Атырау облысының тұрғындары. Компания Қазақстан нарығын қамтып, Ресей, Түркия және басқа елдерге өнімін сатып отыр.