https://sputnik.kz/20250118/dari-darmekti-qr-kod-arqyly-alu-ministrlik-artyqshylyqtaryn-tusindirdi-50055174.html
Дәрі-дәрмекті QR-код арқылы алу: министрлік артықшылықтарын түсіндірді
Дәрі-дәрмекті QR-код арқылы алу: министрлік артықшылықтарын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Соңғы үш айдың ішінде "Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық беру жобасында QR-код арқылы пациенттер республика... 18.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-18T10:49+0500
2025-01-18T10:49+0500
2025-01-18T10:49+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/08/15155103_0:183:2993:1867_1920x0_80_0_0_7abe867d60f72762a5210825fd059130.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Соңғы үш айдың ішінде "Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық беру жобасында QR-код арқылы пациенттер республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысатын 1, 7 млн рецепттің негізінде препараттар алды. "Әлеуметтік әмиянды" пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.Созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдарға енді қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер тағайындалған дәрі-дәрмекті кезексіз өз бетінше бере алады. Егде жастағы тұрғындар немесе "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін тиісті дәрілік заттар пациенттің қолына беріледі.Дәрі-дәрмектерді электрондық беру жобасы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде препараттарды алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша ауқымды.Мұны қалай жасауға болады Пациент "Әлеуметтік әмиян" мобилдік қосымшасына кіреді, онда ол өзінің барлық рецепттерін көреді (белсенді және белсенді емес), дәріханаға келіп, QR рецепт кодын ұсынады. Штрих-код сканері арқылы ақпараттық жүйедегі мейіргер қызметкерлері QR сканерлейді және дәрі-дәрмек береді. Бұл жағдайда қағаз рецептерін сақтаудың қажеті жоқ, QR әрқашан қолжетімді.
https://sputnik.kz/20250110/tegin-dari-darmek-beru-zhuyesine-ozgeris-engziledi--antikor-49885733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/08/15155103_131:0:2862:2048_1920x0_80_0_0_8fdbc70efa6139da23a877ca8326efee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Соңғы үш айдың ішінде "Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық беру жобасында QR-код арқылы пациенттер республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысатын 1, 7 млн рецепттің негізінде препараттар алды.
"Әлеуметтік әмиянды" пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.
Созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдарға енді қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер тағайындалған дәрі-дәрмекті кезексіз өз бетінше бере алады.
Егде жастағы тұрғындар немесе "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін тиісті дәрілік заттар пациенттің қолына беріледі.
Дәрі-дәрмектерді электрондық беру жобасы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде препараттарды алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша ауқымды.
Мұны қалай жасауға болады
Пациент "Әлеуметтік әмиян" мобилдік қосымшасына кіреді, онда ол өзінің барлық рецепттерін көреді (белсенді және белсенді емес), дәріханаға келіп, QR рецепт кодын ұсынады. Штрих-код сканері арқылы ақпараттық жүйедегі мейіргер қызметкерлері QR сканерлейді және дәрі-дәрмек береді. Бұл жағдайда қағаз рецептерін сақтаудың қажеті жоқ, QR әрқашан қолжетімді.