Алматы тауларында жоғалып кеткен турист үш күннен соң табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВ горах близ Алматы
В горах близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған турист тікұшақтың көмегімен табылды.
1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жерүсті топтары қатысты. Алғашқы екі күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар тексерілді.
"Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып, ер адам 2970 метр биіктікте "Сол Талғар" шатқалындағы күркеден табылды. О лмедициналық көмекке мұқтаж болмады және Алматы қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Жаңалықтар
0