https://sputnik.kz/20250118/almaty-oblysynyn-turgynynan-asa-iri-kolemde-geroin-tarkilendi-50053730.html
Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді
Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Есік қаласында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінген 52 жастағы тұрғынды анықтады. 18.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-18T09:00+0500
2025-01-18T09:00+0500
2025-01-18T09:00+0500
алматы облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Есік қаласында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінген 52 жастағы тұрғынды анықтады. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Тінту барысында күдіктіден "Тропикамид” препараты табылып, үй ауласындағы қорадан ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм героин екенін растады. Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктіні ұстау кезінде есірткілік мас күйде болғанын анықтады. Сатуға арналған есірткілердің мөлшері 350-ден астам дозаға тең, қара нарықтағы жалпы құны 7 миллион теңгеден асады.Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, есірткі
Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Есік қаласында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінген 52 жастағы тұрғынды анықтады.
Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Тінту барысында күдіктіден "Тропикамид” препараты табылып, үй ауласындағы қорадан ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм героин екенін растады.
Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктіні ұстау кезінде есірткілік мас күйде болғанын анықтады. Сатуға арналған есірткілердің мөлшері 350-ден астам дозаға тең, қара нарықтағы жалпы құны 7 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.