https://sputnik.kz/20250118/2025-zhyl-qazaqstan-ushin-onay-bolmaydy--ekonomister-50071884.html
2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды – экономистер
2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды – экономистер
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар бюджеттік-салықтық реформалар жобасын талқылады 18.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-18T16:35+0500
2025-01-18T16:35+0500
2025-01-18T16:35+0500
экономика
бюджет
https://sputnik.kz/img/831/00/8310005_259:283:3000:1825_1920x0_80_0_0_0377be51c6671de566521839f098d7ab.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Экономист Расул Рысмамбетов 2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды деп мәлімдеді.Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысында экономика үшін маңызды бірқатар жоба талқыланды. Олардың қатарында бюджет табыстылығын арттыру шаралары бар.Сарапшылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.Жиынға қатысушылардың көпшілігі Салық кодексінің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті.Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған. Алайда бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз.Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес."Қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет", — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин.Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/00/8310005_755:141:3000:1825_1920x0_80_0_0_73828d5d20a50a7cb1dac18ce842b676.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, бюджет
2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды – экономистер
Сарапшылар бюджеттік-салықтық реформалар жобасын талқылады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Экономист Расул Рысмамбетов 2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды деп мәлімдеді.
"Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек. Ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керек", - деді экономист Расул Рысмамбетов.
Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысында экономика үшін маңызды бірқатар жоба талқыланды. Олардың қатарында бюджет табыстылығын арттыру шаралары бар.
Сарапшылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынға қатысушылардың көпшілігі Салық кодексінің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті.
Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған. Алайда бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз.
Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес.
"Қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет", — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин.
Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.