https://sputnik.kz/20250117/toqaev-ulttyq-gylym-akademiyasynyn-prezidenti-aqylbek-kurishbaevty-qabyldady-50036423.html
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл туралы... 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T13:09+0500
2025-01-17T13:09+0500
2025-01-17T13:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
ғылым академиясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40027952_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4ee3e38e51398ff5f50a2e2f02a80f17.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ақылбек Күрішбаев 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді. Айтуынша, былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр. Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.
https://sputnik.kz/20240315/qazaq-tili-biznestin-gylym-men-tekhnikanyn-tiline-aynala-bastady--prezident-42921463.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40027952_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_7e1bc13c0c03cd77d446acf9508376a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ғылым академиясы
қасым-жомарт тоқаев, ғылым академиясы
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақылбек Күрішбаев 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді.
Айтуынша, былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр.
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.