https://sputnik.kz/20250117/khasenov-atyrau-munay-ondeu-zauyty-basshylygyna-ondiris-kolemin-arttyrudy-tapsyrdy-50049479.html
Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауыты басшылығына өндіріс көлемін арттыруды тапсырды
Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауыты басшылығына өндіріс көлемін арттыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
2024 жылы АМӨЗ 5,5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 70 мың тоннаға артық 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T17:16+0500
2025-01-17T17:16+0500
2025-01-17T17:16+0500
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e9/01/11/50046162_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_fe2469a8ef26b449fa502cc39d36f918.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Атырау облысына жұмыс сапары барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Жиында Атырау мұнай өңдеу зауытының шығынын азайту, өндіріс тиімділігін арттыру және тұрақты, қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға және алдағы он жылда зауыттың инфрақұрылымын, соның ішінде әкімшілік-тұрмыстық кешендерді дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.Жалпы, 2024 жылы АМӨЗ 5,5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 70 мың тоннаға артық.2024 жылдың 12 айындағы өндірістік көрсеткіштер:Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі артып, 69,2%-ды құрады, ал өңдеу тереңдігі 85,1%-ға дейін жетті. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 0,8%-ға төмендеп, 10,9%-ды құрады.АМӨЗ-де 2025 жылы жоспарлы алдын-алу жұмыстары 1-25 қазан аралығына жоспарланған, ал ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғысында профилактикалық жұмыстар 31 қыркүйек пен 5 қараша аралығында жүргізілмек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/11/50046162_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c3ece423e5a17e89059f63acb43c5c66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай өңдеу зауыты
Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауыты басшылығына өндіріс көлемін арттыруды тапсырды
2024 жылы АМӨЗ 5,5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 70 мың тоннаға артық
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Атырау облысына жұмыс сапары барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жиында Атырау мұнай өңдеу зауытының шығынын азайту, өндіріс тиімділігін арттыру және тұрақты, қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға және алдағы он жылда зауыттың инфрақұрылымын, соның ішінде әкімшілік-тұрмыстық кешендерді дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.
"ҚМГ басшысы зауыт басшылығына жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайтып, процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы, 2024 жылы АМӨЗ 5,5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 70 мың тоннаға артық.
2024 жылдың 12 айындағы өндірістік көрсеткіштер:
автобензин — 1,65 млн тоннаға жуық өндірілді, жоспардан 120 мың тоннаға артық;
дизель отыны — 1,66 млн тоннаға дейін, 2023 жылмен салыстырғанда 50 мың тоннаға артық;
авиаотын — 188 мың тоннаға жуық, өсім 63 мың тонна;
сұйытылған мұнай газы — 213 мың тоннадан астам, 2023 жылғы көрсеткіштен 20 мың тоннаға артық.
Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі артып, 69,2%-ды құрады, ал өңдеу тереңдігі 85,1%-ға дейін жетті. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 0,8%-ға төмендеп, 10,9%-ды құрады.
АМӨЗ-де 2025 жылы жоспарлы алдын-алу жұмыстары 1-25 қазан аралығына жоспарланған, ал ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғысында профилактикалық жұмыстар 31 қыркүйек пен 5 қараша аралығында жүргізілмек.