https://sputnik.kz/20250117/astanada-nasybay-men-snyus-satqandarga-ayyppul-salyndy-50051190.html
Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды
Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T19:03+0500
2025-01-17T19:03+0500
2025-01-17T19:03+0500
насыбай
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43171085_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_e01ffc3de5aa5dfd99922d015fb0124e.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігі аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды.Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.
https://sputnik.kz/20230514/almaty-oblysynda-shelpek-ishinen-nasybay-shyqty-34864755.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43171085_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_3a971168abc9c916a7d83f3ad351ae01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
насыбай, астана
Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды
Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігі аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды.
Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.
"Жыл басынан бері 16 дүкен тексерілді. 2 нысанда заң заңбұзушылық анықталып, ол үшін дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз барлық кәсіпкерге тыйым салынған тауарларды сатпау мәселесін ескертеміз", - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.
Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.