https://sputnik.kz/20250117/astana-turgyny-avtosalondy-sotqa-berdi-50048279.html
Астана тұрғыны автосалонды сотқа берді
Астана тұрғыны автосалонды сотқа берді
Sputnik Қазақстан
Көліктің мультимедиялық экраны қайта-қайта сөне берген. Оған қоса, артқы бейнекамера мен терезелер дұрыс істемеген 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T22:11+0500
2025-01-17T22:11+0500
2025-01-17T22:11+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/434/20/4342096_0:388:2951:2048_1920x0_80_0_0_404a5e9735ea4fb15b740d65f6191e06.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны сапасыз көлік үшін автосалонды сотқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа көлік сатып алған ер адамның қуанышы ұзаққа созылмапты. Техникалық ақаулар жүйкесін әбден тоздырған. Атап айтқанда, мультимедиялық экран қайта-қайта сөне берген. Оған қоса, артқы бейнекамера мен терезелер дұрыс істемеген. Дабыл жүйесінен де ақау шыққан.Көлік иесі алдымен автосалонға шағым жазған. Бірақ арызда көрсетілген кемшіліктерді жоймаған. Автосалон көлікті қайтарып алудан да бас тартады. Ал кепілдік шарттарына (36 ай немесе 60 мың шақырым) сәйкес, жауапкер ақауларды жоюға міндетті.Қала тұрғыны сотқа жүгініп, шартты бұзуды, автокөлікті қайтаруды, оның құнын өндіруді және моральдық зиянды өтеуді талап етті.Тәуелсіз сараптама техникалық ақаулар өндірістік кемшіліктен шығуы мүмкін деген шешімге келді. Сол себепті көлік құралын пайдалану мүмкін емес. Сотта автосалонның өкілі шарттың барлық талабы орындалғанын және өз тарапынан заң бұзушылықтардың жоқтығын айтты.Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты барлық дәлелді ескере отырып, көлік иесінің талабын қанағаттандырып, тұтынушының құқығын қорғады. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/434/20/4342096_220:0:2951:2048_1920x0_80_0_0_ad0934bd2f82b415b16266e89bf320a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
Астана тұрғыны автосалонды сотқа берді
Көліктің мультимедиялық экраны қайта-қайта сөне берген. Оған қоса, артқы бейнекамера мен терезелер дұрыс істемеген
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны сапасыз көлік үшін автосалонды сотқа берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жаңа көлік сатып алған ер адамның қуанышы ұзаққа созылмапты. Техникалық ақаулар жүйкесін әбден тоздырған. Атап айтқанда, мультимедиялық экран қайта-қайта сөне берген. Оған қоса, артқы бейнекамера мен терезелер дұрыс істемеген. Дабыл жүйесінен де ақау шыққан.
Көлік иесі алдымен автосалонға шағым жазған. Бірақ арызда көрсетілген кемшіліктерді жоймаған. Автосалон көлікті қайтарып алудан да бас тартады. Ал кепілдік шарттарына (36 ай немесе 60 мың шақырым) сәйкес, жауапкер ақауларды жоюға міндетті.
Қала тұрғыны сотқа жүгініп, шартты бұзуды, автокөлікті қайтаруды, оның құнын өндіруді және моральдық зиянды өтеуді талап етті.
Тәуелсіз сараптама техникалық ақаулар өндірістік кемшіліктен шығуы мүмкін деген шешімге келді. Сол себепті көлік құралын пайдалану мүмкін емес. Сотта автосалонның өкілі шарттың барлық талабы орындалғанын және өз тарапынан заң бұзушылықтардың жоқтығын айтты.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты барлық дәлелді ескере отырып, көлік иесінің талабын қанағаттандырып, тұтынушының құқығын қорғады. Сот үкімі заңды күшіне енді.