https://sputnik.kz/20250116/turkistan-oblysynda-ortalyq-basshylygy-mugedek-balalardyn-85-mln-tengesin-zhymqyrgan-50022212.html
Түркістан облысында орталық басшылығы мүгедек балалардың 85 млн теңгесін жымқырған
Түркістан облысында орталық басшылығы мүгедек балалардың 85 млн теңгесін жымқырған
Sputnik Қазақстан
Орталықтың басшысы мен бас бухгалтері өзара келісіп, 6 жыл бойы балалардың несібесін жеп келген 16.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-16T19:47+0500
2025-01-16T19:47+0500
2025-01-16T19:47+0500
түркістан облысы
мүгедек
https://sputnik.kz/img/452/03/4520376_0:323:3067:2048_1920x0_80_0_0_176ab5730d7389a342aa8dfb3fde4008.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мүгедек балаларды оңалту орталығының басшылығы бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Орталықтың басшысы мен бас бухгалтері өзара келісіп, мүгедек балалардың ақшасын 6 жыл бойы жымқырған.Ұрланған қаражат мүгедек балаларға арналған оңалту бағдарламаларына бағытталуға тиіс болатын, алайда мұндай бағдарламалар қаржылық тапшылыққа ұшыраған."Сот орталық басшысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал бухгалтерге — орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар басшының 35 миллион теңге құны бар пәтеріне бұғау салынды", - дейді агенттік.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/452/03/4520376_139:0:2870:2048_1920x0_80_0_0_a38836b3d0af7bc784a5bdc21ad76d60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, мүгедек
түркістан облысы, мүгедек
Түркістан облысында орталық басшылығы мүгедек балалардың 85 млн теңгесін жымқырған
Орталықтың басшысы мен бас бухгалтері өзара келісіп, 6 жыл бойы балалардың несібесін жеп келген
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мүгедек балаларды оңалту орталығының басшылығы бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Орталықтың басшысы мен бас бухгалтері өзара келісіп, мүгедек балалардың ақшасын 6 жыл бойы жымқырған.
"2018 жылдан 2024 жылға дейін ай сайын 1С бухгалтерлік базасына жалған мәліметтер енгізіп, мүгедек балалардың қажеттіліктеріне арналған қаражатты өздерінің банк есепшоттарына аударып отырған. Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 85 миллион теңгеден асты", - дейді ведомство.
Ұрланған қаражат мүгедек балаларға арналған оңалту бағдарламаларына бағытталуға тиіс болатын, алайда мұндай бағдарламалар қаржылық тапшылыққа ұшыраған.
"Сот орталық басшысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал бухгалтерге — орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар басшының 35 миллион теңге құны бар пәтеріне бұғау салынды", - дейді агенттік.