Туриндегі универсиада: үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында алты медаль бар

© Photo : icehockey.kzСборная Казахстана проиграла команде Канады на хоккейном турнире Универсиады-2025 в Италии
Сборная Казахстана проиграла команде Канады на хоккейном турнире Универсиады-2025 в Италии - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Туринде XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтіп жатыр. Ел намысын биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы жарысынан 103 спортшы қорғайды.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында хоккейден жарысқа қатысады. Универсиаданың үш күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.
Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Анастасия Городко 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды, ол фристайл-могулдан және параллель могулдан жарыстарда "алтын" жеңіп алды.
Парашаңғышылар арасында 10 км еркін жүрістен Денис Зинов, сондай-ақ параллель могулдан Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев күміс жүлде иеленді.
Шаңғы жарысынан 10 км еркін жүрісте Роман Курбанов қола медаль алды.
Казахстанцы на Универсиаде 2017 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Қысқы Универсиада: 16 қаңтарда қазақстандықтар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
Жаңалықтар
0