Қазақстанда зағиптар оқи алатын әдебиеттердің саны көбейеді

© Photo : Pixabay / jarmolukКниги, наука, библиотека, иллюстративное фото
Книги, наука, библиотека, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары Марракеш шартын ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Соның аясында зағиптар және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті шектелген адамдар оқи алатын туындылардың саны көбейе түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазақстан кітапханаларында Брайль шрифтімен жазылған 198 мың кітап бар. Ал Марракеш шарты зағип жандар үшін авторлық құқыққа қатысты шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде олар үшін Брайльмен жазылған басқа да әдебиеттер қолжетімді болады.
"Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған кітаптарға, журналдарға, оқу материалдарына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге және осындай адамдар үшін қолжетімді форматтарда жасалған туындылармен халықаралық алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасайды", - дейді сенатор Амангелді Толамисов.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан мақұлдады.
Айта кетері, әлемдік деңгейде жарияланған кітаптардың 7 проценті ғана Брайль, үлкейтілген қаріп, аудио, сандық және DAISY сияқты қол жетімді форматтарда ұсынылады.
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту: үкімет қолдау шаралары туралы айтты
Жаңалықтар
0