Каспий теңізінде астық терминалы салынады

© Photo : Пресс-служба "АО НК "Продкорпорация"Ақтау портындағы астық терминалы
Ақтау портындағы астық терминалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
Бірінші кезең 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланған
АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. БАӘ ADPORTS компаниясы мен Құрық портындағы көп функционалды Sarzha теңіз терминалының иесі – "SEMURG INVEST" ЖШС Каспий теңізінің жағалауында жаңа астық терминалын салу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "АӨК Жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлады.
Келісімшартқа сәйкес Sarzha Grain Terminal серіктестігінде акцияның 51%-ына ADPORTS, 49%-ына "Семург" иелік етеді.
"Серіктестік Құрық портында жаңа астық терминалының құрылысын бастады", - делінген AD Ports Group компаниясының хабарламасында.
Бірінші кезең аяқталғаннан кейін астық терминалы жылына 570 мың тонна астық өткізу мүмкіндігіне ие болады. Екінші кезеңнің құрылысы аяқталғаннан кейін терминалдың қуаттылығы одан әрі кеңейіп, жылына 1,5 миллион тоннаға жетуге тиіс.
Sarzha Grain Terminal терминалына екі кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 50 миллион доллардан сәл асады, AD Ports Group инвестициясы шамамен 30 миллион долларды құрайды.
Бірінші кезең 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0