Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. "Қазгидромет" РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Кәсіпорынның болажамына қарағанда Астанада 16 қаңтарда кей уақытта жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болады Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын соғып, күндіз облыс бойынша бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жаңалықтар
0