https://sputnik.kz/20250116/astanada-iri-kolemde-qarzhylyq-alayaqtyq-zhasagan-eki-ayel-sottaldy-50022737.html
Астанада ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасаған екі әйел сотталды
Астанада ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасаған екі әйел сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасын құрып, жәбірленушілерге материалдық залал келтірген... 16.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-16T20:18+0500
2025-01-16T20:18+0500
2025-01-16T20:18+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасын құрып, жәбірленушілерге материалдық залал келтірген екі әйелге қатысты үкім шығарды.Соттың мәліметінше 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың шілдесіне дейін сотталушы Б. қаржы пирамидасына басшылық еткен. Ал М. аса ірі мөлшерде қаражат жинауға көмектескен.Олар бұрын ақша салған адамдардың "үлесін" қолма-қол ақша берген немесе сотталушылар көрсеткен шоттарға аударымжасаған салымшылардың қаражатын қайта бөлу арқылы беріп отырған.Сонымен қатар, М. қаржы пирамидасының қызметінен алынған ақшаны заңдастырып, пәтер және автотұрақ сатып алған.Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Сот сотталушылардың жас балаларының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.Сот азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, Б.-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру, М.-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік жәбірленушілердің пайдасына беріле отырып, тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасын құрып, жәбірленушілерге материалдық залал келтірген екі әйелге қатысты үкім шығарды.
Соттың мәліметінше 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың шілдесіне дейін сотталушы Б. қаржы пирамидасына басшылық еткен. Ал М. аса ірі мөлшерде қаражат жинауға көмектескен.
Олар бұрын ақша салған адамдардың "үлесін" қолма-қол ақша берген немесе сотталушылар көрсеткен шоттарға аударымжасаған салымшылардың қаражатын қайта бөлу арқылы беріп отырған.
"Б. 40 адамнан жалпы сомасы 715 млн 694 мың теңге тартқан, М. 38 адамнан 284 млн 510 мың теңге қаражатты тартуға көмектескен", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, М. қаржы пирамидасының қызметінен алынған ақшаны заңдастырып, пәтер және автотұрақ сатып алған.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Сот сотталушылардың жас балаларының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, Б.-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру, М.-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік жәбірленушілердің пайдасына беріле отырып, тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.