Астана халықаралық әуежайы қала меншігіне өтті

© Photo : АО "НК "КТЖ"Новый терминал международного аэропорта Астаны
Новый терминал международного аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің реси сайты.
"Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.
Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0