Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жетісу облысының әкімі соғыс ардагерін 101 жасқа толуымен құттықтап барды

© пресс-служба акимата Жетысуской областиВетерана ВОВ Ыскака Хусаинова поздравили с 101-летием
Ветерана ВОВ Ыскака Хусаинова поздравили с 101-летием - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
Бүгінде ардагердің 9 немересі, 31 шөбересі, 5 шөпшегі бар
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтады.
"Ақсақал Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде. Айта кетері, бүгінде облыста көзі тірі үш ардагер тұрады", - деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбіт Исабаев дәстүр бойынша ардагердің иығына шапан жауып, өзінің құттықтау хатын табыс етті.
"Облыста қан майданда алғы шепте болған үш майдангер ақсақалымыз бар. Солардың ішінде үлкені Ысқақ ата үшеуінің алды болып 101-ге келіп отыр. Ысқақ ата, келген жасыңыз құтты болсын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Осы мерейтойда қатардан қалмай, орден-медальдарыңызды тағып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сапта тұрасыз деп сенеміз", - деді өңір басшысы.
Ысқақ ақсақал елімізге бейбітшілік тілеп, батасын берді.
"Ескі заман келмеске кетті, жаңа заман туды. Жаңа дәуірде еңбектерің жемісті, істерің сәтті болсын! Денсаулықтарың зор болсын, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, арман-мақсаттарына жетсін", - деді ол.
Ысқақ Құсайынов Алакөл ауданының Көлбай ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Он сегіз жасында өз еркімен соғысқа аттанды. 1942 жылы Украина майданында атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ал 1943-1945 жылдары Тынық мұхитындағы Амур әскери-теңіз флотының "Зенит" дивизиясында болып, жауға қарсы шайқаста ауыр жарақаттанды. Ерлік істері үшін оған "Әскери-теңіз флотының үздігі" атағы берілді. Мұнан соң Совет-Жапон соғысына қатысты. Лепсідегі педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны аяқтаған соң кейінгі 40 жыл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады.
Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен, Жуков медалімен, "Жапонияны жеңгені үшін", "Ерлігі үшін" медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталды.
Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, мектеп пәндерінің бірқатар әдістемелік оқу құралдарының авторы.
Бүгінде ардагердің 9 немересі, 31 шөбересі, 5 шөпшегі бар.
Атап өтсек, 2023 жылы Ысқақ Құсайыновқа облыс орталығының жаңа шағын ауданынан бір бөлмелі пәтердің кілті берілген болатын.
Жаңалықтар
0