https://sputnik.kz/20250115/rosselkhoznadzor-qazaqstandyq-eksporttaushylardyn-areketine-alandaushylyq-bildirdi-49971823.html
"Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың әрекетіне алаңдаушылық білдірді
"Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың әрекетіне алаңдаушылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Ресейде Қазақстаннан карантиндік астықты заңсыз әкелу фактілері анықталды 15.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-15T12:40+0500
2025-01-15T12:40+0500
2025-01-15T12:40+0500
еаэо
астық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:425:2130:1623_1920x0_80_0_0_11754728b6b9ac47acf28ed20b474d8a.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. "Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың 2024 жылдың қазанында енгізілген уақытша тыйымдарды орындамағанына алаңдаушылық білдірді.Еске салайық, 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Қазақстаннан шыққан бидай, зығыр және жасымықты, оның ішінде үшінші елдерге жөнелтуге арналған (жанама ауыстырып тиеу кезінде) өнімді Ресей аумағына әкелуге уақытша шектеулер енгізілген болатын.Ресей мемлекеттік мекемесі қазақстандық астық өнімдерін әкелу жағдайлары анықталғанын хабарлады: инфрақұрылымы астықты тікелей ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпейтін "Ростов теңіз мультимодальды порты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Темрюк теңіз сауда порты" АҚ әрқайсысына 5 мың тоннадан бидай жеткізілген.Бірқатар жағдайда келіп түскен өнімдерден ЕАЭО үшін карантиндік зиянкестер анықталды.Ресейлік фитосанитариялық ведомство қазақстандық тарапқа ЕАЭО карантиндік фитосанитариялық талаптарын және енгізілген шектеулерді сақтауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау қажеттігін ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:225:2130:1823_1920x0_80_0_0_9feb5ec1911d898841cb1081d92a903b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, астық
"Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың әрекетіне алаңдаушылық білдірді
Ресейде Қазақстаннан карантиндік астықты заңсыз әкелу фактілері анықталды
АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. "Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың 2024 жылдың қазанында енгізілген уақытша тыйымдарды орындамағанына алаңдаушылық білдірді.
Еске салайық, 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Қазақстаннан шыққан бидай, зығыр және жасымықты, оның ішінде үшінші елдерге жөнелтуге арналған (жанама ауыстырып тиеу кезінде) өнімді Ресей аумағына әкелуге уақытша шектеулер енгізілген болатын.
Ресей мемлекеттік мекемесі қазақстандық астық өнімдерін әкелу жағдайлары анықталғанын хабарлады: инфрақұрылымы астықты тікелей ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпейтін "Ростов теңіз мультимодальды порты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Темрюк теңіз сауда порты" АҚ әрқайсысына 5 мың тоннадан бидай жеткізілген.
Бірқатар жағдайда келіп түскен өнімдерден ЕАЭО үшін карантиндік зиянкестер анықталды.
"Бұл жағдай Ресей Федерациясының аумағы бойынша карантиндік нысандардың таралу қаупі жоғары және жалпы порттық инфрақұрылымды пайдалануға байланысты Ресейлік астықтың экспорттық партияларының зақымдануына әкелуі мүмкін", - деп хабарлады "Россельхознадзор" баспасөз қызметі.
Ресейлік фитосанитариялық ведомство қазақстандық тарапқа ЕАЭО карантиндік фитосанитариялық талаптарын және енгізілген шектеулерді сақтауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау қажеттігін ескертті.