Қазақстанда төрт мыңнан астам науқас донорды күтіп жүр

© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіҚазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 13 жылдың ішінде донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2 800 операция жасалды. Алайда 4 мыңнан астам науқас әлі де өз донорын күтіп жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2024 жылы ағзаларды трансплантаттау бойынша 250 операция орындалды. Соның ішінде 227 ағза тірі донордан, ал 23-і қайтыс болғаннан кейінгі донордан алынды. Жалпы, 2012 жылдан бері донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2800 операция жүргізілді. Ағзаның басым бөлігін тірі донор берді.
Трансплантация жасалған ағзалар:
Бүйрек — 2078;
Бауыр – 541;
Жүрек – 98;
Өкпе – 22;
Ұйқы безі – 2;
Мөлдірқабық – 59;
"Қазіргі кезде Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, соның 3672-сі бүйректі трансплантаттауды қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтуде", - делінген ресми хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, ағзаларды трансплантаттау көптеген адамдарға жаңа өмір сыйлайды.
"Ағзаны трансплантаттаудың әрбір жағдайы жоғары дәрежелі медициналық жұмыс қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен өзара көмек болып табылады. Дәрігерлердің күш-жігері мен донорлардың дайындығының арқасында біз өмірді сақтап, болашаққа үміт береміз", - дейді мамандар.
Операция. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Өскеменде қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар
0