Биыл колледждерде 150 мыңнан астам студент тегін оқиды

© Sputnik / Владислав ВодневСтуденты и преподаватели Astana polytechnic college работают над проектами
Студенты и преподаватели Astana polytechnic college работают над проектами - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді
АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

"Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім берубойынша 153 мың студент тегін оқуменқамтылады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты", - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бөлінеді.
Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді.
Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді.
Жаңалықтар
0