Ата-анасының қайтыс болғанын білмейді: Ақтөбеде кепілден босатылған әйелдің жағдайы қалай

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде кепілден босатылған әйел жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
40 жастағы әйел мидың жабық жарақаты және миы шайқалған деген диагнозбен жансақтау бөлімінде түскен. Жағдайы ауыр болды.
"Таңертең жағдайы тұрақталды. Қазір нейрохирургия бөлімінің палатасына ауыстырылды. Палатада жалғыз өзі, полиция қызметкерлері оны күзетке алды. Жағдайы тұрақты, психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр. Бірақ ата-анасының қайтыс болғанын әзірше білмейді", - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Іңкәр Қарашева.
Айта кетері, 13 қаңтарда Ақтөбеде ер адам жеке меншік үйде әйелді кепілге алған. Полиция алдымен келіссөз жүргізіп көрді. Бірақ артынан арнайы операция өткізуге шешім қабылдады. Әйелді босатылды. Күдікті де ұсталды. Ал жөртеледе кепілген алынған әйелдің ата-анасы табылды. Оларда пышақ жарақаттары болды. Біреуі жәрдем жәрдем көлігінде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Әкімдік оларды жерлеуге көмектеседі.
Захват заложников в Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Ақтөбеде кепілге алынған үш адамның екеуі көз жұмды
Жаңалықтар
0