Талғар полициясына жаңа басшы келді

© Photo : ДП Алматинской областиНачальник управления полиции Талгарского района Асхат Бекенов
Начальник управления полиции Талгарского района Асхат Бекенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
Шерзат Полат ісінен кейін көп шенеунік жұмыстан босатылған
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Талғар ауданында полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқармаға Асхат Бекенов басшы болып келді. Ол бұған дейін Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары болған.
Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын Павлодар облысы Қашыр аудандық АІІБ КПБ жедел уәкілі болып бастаған.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Арада екі айдан сәл астам уақыт өткенде, яғни 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Талғардың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған.
Жерлеу рәсімінде жанжал болып, кейін жасөспірімнің әкесі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0