Қызылорда облысында киікті заңсыз аулаған тұрғындар сотталды

Сайгак  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қызылорда облысында заңсыз аң аулауға шыққан екі тұрғын 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Олар киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан. Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған.
Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
"Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Олардан 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.
Жаңалықтар
0