https://sputnik.kz/20250114/qazaqstan-eaeo-aumagynda-roumingti-alyp-tastaudy-5-zhylga-shegerudi-usyndy-49941036.html
Қазақстан ЕАЭО аумағында роумингті алып тастауды 5 жылға шегеруді ұсынды
Қазақстан ЕАЭО аумағында роумингті алып тастауды 5 жылға шегеруді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан ЕАЭО елдерінің аумағында мобильді роумингті ұсыну шарттарын теңестіруге және қызмет бағасын төмендетуге дайындықты тағы бес жылға ұзартуды ұсынып... 14.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-14T14:58+0500
2025-01-14T14:58+0500
2025-01-14T14:58+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_98b5e54f01153a206e5ffe6e8f244261.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі роумингті жою бойынша дайындық жұмыстарын ұзарту және бұл мәселе бойынша шешім қабылдауды 2025 жылдан 2030 жылға дейін шегеру туралы бастама көтерді.2023 жылдың наурызында Ресейдің 2025 жылға қарай Қырғызстан, Қазақстан және Армениямен роумингтен бас тартуға ниетті екендігі туралы ақпарат пайда болды. 2024 жылдың соңына қарай операторлар бұл елдердегі ұялы байланыс бағасын қайта қарауға тиіс болатын.Алайда 2024 жылдың мамырында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович "әділ тарифтерді" қолдану ережелерін енгізу жұмыстары 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқталатынын хабарлады. Бұл ретте келісімдегі барлық елдің тарифтері елдегі тарифтерге ұқсас болуы керек.Алайда, олардың пайымдауынша, Қазақстанда "ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді" орнату үшін "техникалық, ұйымдастырушылық, коммерциялық, қауіпсіздік және биллинг мәселелері сияқты аспектілерді егжей-тегжейлі зерделеу" қажет."Әрбір елдің және байланыс операторының бұл мәселелерді қосымша пысықтау қажеттілігін ескере отырып, жоспарды іске асыру мерзімін 2030 жылдан ерте емес мерзімге ұзарту ұсынылды", - деп жазылған Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәлімдемесінде.Нәтижесінде жобаны іске асыру мерзімін 2025 жылдан 2030 жылға ауыстыру ұсынылып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_1050a7b0220a644d84c757cdc674c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан ЕАЭО аумағында роумингті алып тастауды 5 жылға шегеруді ұсынды
Қазақстан ЕАЭО елдерінің аумағында мобильді роумингті ұсыну шарттарын теңестіруге және қызмет бағасын төмендетуге дайындықты тағы бес жылға ұзартуды ұсынып отыр
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі роумингті жою бойынша дайындық жұмыстарын ұзарту және бұл мәселе бойынша шешім қабылдауды 2025 жылдан 2030 жылға дейін шегеру туралы бастама көтерді.
2023 жылдың наурызында Ресейдің 2025 жылға қарай Қырғызстан, Қазақстан және Армениямен роумингтен бас тартуға ниетті екендігі туралы ақпарат пайда болды. 2024 жылдың соңына қарай операторлар бұл елдердегі ұялы байланыс бағасын қайта қарауға тиіс болатын.
Алайда 2024 жылдың мамырында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович "әділ тарифтерді" қолдану ережелерін енгізу жұмыстары 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқталатынын хабарлады. Бұл ретте келісімдегі барлық елдің тарифтері елдегі тарифтерге ұқсас болуы керек.
Алайда, олардың пайымдауынша, Қазақстанда "ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді" орнату үшін "техникалық, ұйымдастырушылық, коммерциялық, қауіпсіздік және биллинг мәселелері сияқты аспектілерді егжей-тегжейлі зерделеу" қажет.
"Әрбір елдің және байланыс операторының бұл мәселелерді қосымша пысықтау қажеттілігін ескере отырып, жоспарды іске асыру мерзімін 2030 жылдан ерте емес мерзімге ұзарту ұсынылды", - деп жазылған Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәлімдемесінде.
Нәтижесінде жобаны іске асыру мерзімін 2025 жылдан 2030 жылға ауыстыру ұсынылып отыр.