Астанада колледж студенті 8 жылға сотталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Астанада есірткіні ірі мөлшерде сатуға тырысқан колледж студенті сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сотталушы кәмелет жасқа толмаған колледж студенті болып жүргенде Telegram арқылы заңсыз жұмыс тауып, тыйым салынған заттарды сатуға келіскен. Содан аккаунт пайдаланушысы оған Таиланд Корольдігінен халықаралық пошта арқылы 998 грамм марихуана жіберген. 2024 жылы 6 тамызда колледж студенті Қазпоштада өз "сәлемдемесін" алды.
Одан кейін есірткіні сату және дозаға орау мақсатында пәтер жалдаған. Бірақ сол күні қолға түсті, бір келіге жуық марихуана да тәркіленді. Студент өз кінәсін толығымен мойындады. Прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы - 297 (есірткіні заңсыз сақтау және тасымалдау) мен 286 (контрабанда) бойынша айып тағылды. Әрбір бапта 7-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал 81-баптың 7-бөлігінде кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан аспау қажеттігі туралы жазылған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты колледж студентін 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тәркіленген психотропты заттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2024
Қарағанды облысында есірткі тасымалдағандар ұсталды
Жаңалықтар
0