Агенттік қандай кредитер автоматты түрде жойылатынын еске салды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автоматты түрде жойылатын кредиттерге қатысты түсініктеме таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту қызметі бар. Соның аясында әрбір қазақстандық өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. "Стоп кредит" қызметін екі жолмен рәсімдеуге болады.
egov.kz сайты:
жеке кабинетке кіру;
әрі қарай "Қызметтер" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметіне онлайн тапсырыс беру;
одан кейін барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою;
өтінім нәтижесімен жеке кабинетіңіздегі "Қызметтер тарихы" тарауынан танысу; E-gov mobile қосымшасы:
"Қызметтер" бөліміне өту;
"Салықтар және қаржы" бөлімін таңдау;
мәзірде "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" бөлімін басу;
ЭЦҚ-кілт арқылы қызметті ресімдеуге келісім беру;
"Осыдан кейін кредиттік тарихыңызда несие алудан уақытша бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйым несие бюроларынан деректерді сұрай отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке кредит бермеу туралы шешім қабылдайды. Егер адамның атына кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салынғаннан кейін оның атына қарыз ресімделсе, онда берешек автоматты түрде жойылады", - дейді агенттік мамандары.
"Стоп кредит" қызметін кез келген уақытта өшіруге болады. Шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін басқа ұйымдарға қолданылмайды.
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2024
Депутат үй салуға 2 проценттік кредит беруді ұсынды
Жаңалықтар
0