Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылды: әке мен екі бала көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтомобиль скорой помощи, архивное фото
Автомобиль скорой помощи, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 қаңтар - Sputnik. Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, бір отбасының үш адамы көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық окургіне қарасты Айнатас елді мекенінде 7 қаңтарда болған
"Үй бұған дейін көмірмен жылытылған. Жақында иран пеш орнатқан. Негізі біздің округтегі бес елді мекенде де табиғи газ бар. Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік шаралары сақталмаған", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Жігерген ауылдық окургінің әкімдігі.
Салдарынан отбасының үш мүшесі: 1984 жылы туған үй иесі мен 13 және 6 жастағы балалар көз жұмды.
Жаңалықтар
0