Төрт жылда коммуналдық секторды жаңғыртуға қомақты қаражат бөлінеді

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда экономиканың энергетика және коммуналдық секторларын жаңғыртудың 2029 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілді.
Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту "халықты сенімді және сапалы инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін" жүргізілуде.
Кемінде 30 жылу электр орталығы мен 200-ге жуық табиғи монополия субъектісін жаңарту жоспарлануда.
Ұлттық жобаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:
энергетика саласына – 6208 млрд теңге (11 694 млн доллар);
коммуналдық секторға – 6 778 млрд теңге (12 768 млрд доллар);
автоматтандыруға және құралдармен жабдықтауға – 602 млрд теңге (1 134 млн доллар).
Жалпы 13 588 миллиард теңге (25 597 миллион доллар) инвестиция салу жоспарлануда.
2025-2029 жылдар аралығында шаруашылық субъектілерін субсидиялауға барлығы 1 480 миллиард теңге (2 788 миллион доллар) бөлінген. Сондай-ақ, 10%-дан жоғары пайыздық мөлшерлеменің айырмашылығы несие мерзіміне байланысты субсидияланатыны айтылады.
Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Ситуация в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады
Жаңалықтар
0