Қазақстан астық экспортын ұлғайтты

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Вагоны-зерновозы
Вагоны-зерновозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
Желтоқсанда астық тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ке өсіп, 1,4 млн тоннаны құрады
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Өткен жылдың желтоқсан айында астық тасымалдау көлемі 63%-ке өсті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Желтоқсан жаңа піскен астықты тасымалдау саласында рекордтық ай болды. Осы айда астық тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ке өсіп, 1,4 млн тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 23%-ке, ал экспорт 78%-ке өсіп, 1,1 млн тоннаға жетті", - делінген хабарламада.
Орталық Азия елдеріне астық жеткізу айтарлықтай өсті: Өзбекстанға - 47%, Тәжікстанға — 58%, Қырғызстанға — 14%, Түрікменстанға — 5%. Әзербайжанға 101 мың тонна астық жеткізілді.
"Сондай-ақ Қытайға экспорт көлемі өсті. Қазақстандық астық импорты 6%-ке артты. Ал Ауғанстанға жеткізілім 35%-ке өсті. Желтоқсанда астық тасымалы Қара теңіз порттары арқылы үш есе артты. Сондай-ақ Балтық елдеріне тасымалдау көлемі 4 есе ұлғайды", - делінген хабарламада.
Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша (қыркүйек — желтоқсан) 5 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ке артық. Жаңа піскен астықты ішкі тасымалдау 1 млн тоннадан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ке көп.
Орталық Азия елдеріне астық өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп жөнелтілді - өсім 38%. Қырғызстанға жеткізілім 19%, Өзбекстанға экспорт 45%, ал Тәжікстанға-57%-ке ұлғайды.
Қытайға жеткізілім бір жылда 2%-ке, Ауғанстанға 51%-ке өсті. Маңызды жетістіктердің бірі - Ақтау порты арқылы Иранға астық тасымалы 30 есеге артты.
Қара теңіз порттары да жақсы өсім көрсетті, бұл тасымалдау көлемін 39%-ке арттырды, ал Балтық жағалауы елдеріне жеткізілім екі есе өсті.
Жаңалықтар
0