https://sputnik.kz/20250113/baa-men-qazaqstan-tauar-aynalymyn-1-milliard-dollarga-zhetkizudi-zhosparlap-otyr-49935453.html
БАӘ мен Қазақстан тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр
БАӘ мен Қазақстан тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. 13.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-13T21:28+0500
2025-01-13T21:28+0500
2025-01-13T21:28+0500
қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік сапар
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0d/49935041_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_59297d8bbf14f9e981c79ab75c16bb81.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Qasr Al Shatie сарайында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Мемлекет басшысы көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін БАӘ Президентіне ризашылығын жеткізіп, "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Абу Дабиде және Дубайда өткен кездесулерді ықыласпен еске алып, келіссөздер нәтижесі екіжақты қатынастарға тың серпін бергеніне әрі ықпалдастықтың жаңа бағыттарына жол ашқанына назар аударды. Президент бүгінде БАӘ еліміздің экономикасына қаржы құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіретінін атап өтті. "Былтыр БАӘ-ден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды. Абу Дабидегі кездесу барысында біз тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткіземіз деп мақсат қойдық. Екі ел үкіметтері сауда-саттықтың оң қарқынын қалыптастыру үшін нақты экономикалық күн тәртібіне мән бергені жөн. Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияны жүзеге асыруға сіздің тарапыңыздан қолдау көрсетіледі деп сенеміз. Бұл құжат аясында Әмірліктердің компанияларымен көлік-логистика, энергетика, қаржы, туризм және басқа да көптеген салада белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Бұл серіктестік елдеріміздің өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанмен арадағы саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. БАӘ президенті Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыс 2025 жылы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп, екі елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен орнықты дамудағы өзекті мәселелерді шешуде Астананың үлесі зор деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0d/49935041_133:0:1148:761_1920x0_80_0_0_d4f9b391bc23ae9227ce48aac6dcb1e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік сапар
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік сапар
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Qasr Al Shatie сарайында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Мемлекет басшысы көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін БАӘ Президентіне ризашылығын жеткізіп, "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Абу Дабиде және Дубайда өткен кездесулерді ықыласпен еске алып, келіссөздер нәтижесі екіжақты қатынастарға тың серпін бергеніне әрі ықпалдастықтың жаңа бағыттарына жол ашқанына назар аударды.
"БАӘ – біздің араб әлеміндегі басты серіктесіміз. Елдеріміздің игілігі үшін екіжақты және көпжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Мен достық, өзара сенім мен құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Аса Мәртебелі президент мырза, сізді өз елімде құшақ жая қарсы алуға дайынмын. Қазақстанға жасайтын сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне бастау болатынына сенімдімін, – деді мемлекет басшысы.
Президент бүгінде БАӘ еліміздің экономикасына қаржы құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіретінін атап өтті.
"Былтыр БАӘ-ден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды. Абу Дабидегі кездесу барысында біз тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткіземіз деп мақсат қойдық. Екі ел үкіметтері сауда-саттықтың оң қарқынын қалыптастыру үшін нақты экономикалық күн тәртібіне мән бергені жөн. Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияны жүзеге асыруға сіздің тарапыңыздан қолдау көрсетіледі деп сенеміз. Бұл құжат аясында Әмірліктердің компанияларымен көлік-логистика, энергетика, қаржы, туризм және басқа да көптеген салада белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Бұл серіктестік елдеріміздің өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанмен арадағы саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
БАӘ президенті Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыс 2025 жылы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп, екі елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен орнықты дамудағы өзекті мәселелерді шешуде Астананың үлесі зор деп санайды.