Айыппұл түбіртегін қолдан жасаған Астана тұрғыны жеті жылға сотталды

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Жазылу
Астана прокурорлары айыппұлдың ішінара төленгені туралы түбіртек жалған екенін анықтады
АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Шенеуніктерге бірнеше рет пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 240,3 миллион теңге айыппұл арқалаған Астана тұрғыны оны төлегені туралы жалған түбіртек ұсынған. Бұл туралы елорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Сотталушы сот орындаушысына 196 миллион теңге айыппұлды ішінара төлегені туралы түбіртектің көшірмелерін ұсынған. Сараптама барысында Нұра аудандық прокуратурасы бұл соманың мемлекет пайдасына түспегенін және түбіртек қолдан жасалғанын анықтады”, - делінген хабарламада.
Прокуратураның нұсқауымен сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа жүгініп, ол өтініш қанағаттандырылды. Сот айыппұлды 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Жаңалықтар
0