Ұлттық ұлан сарбаздары кісі өліміне күдіктіні ізін суытпай ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина
Полиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2025
Жазылу
Кәсіби әрекет еткен ұландықтар алдағы уақытта марапатқа ұсынылмақ
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге жіберілген.
"Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінде мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды", – дейді әскери жасақ бастығы Жанғазы Шайхин.
Күдіктілердің бірі қашып кетпек болған, ұландықтар оны ұстап үлгерген. Тінту кезінде күдіктілер агрессивті әрекет танытып, бұйрықты орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Тергеу барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Жедел әрі кәсіби әрекет еткені үшін ұландықтар алдағы уақытта марапатқа ұсынылатын болады.
Полиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған қаскөйлерді ұстауды тапсырды
Жаңалықтар
0