Ақтөбеде балалар ауруханасында туберкулезбен ауырған мейірбике жұмыс істеген

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГородская поликлиника № 68 в Москве
Городская поликлиника № 68 в Москве   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2025
Жазылу
Қызметкермен тығыз байланыста болған 55 адам тексерілген
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Ақтөбедегі көпсалалы облыстық балалар ауруханасында туберкулездің ашық түрімен сырқаттанған мейірбике жұмыс істеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
21 жастағы мейірбике 2023 жылдың желтоқсан айында көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жұмысқа қабылданған.
"Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, медбике флюорографиядан өткен, пленкасы бар. Тыныс алу жүйесінде патология жоқ екендігі туралы қорытынды алған. Құжат бойынша оның білімі мен құзыреттілігін растайтын мәліметтерге сәйкес реанимация бөлімшесіне медбике болып қабылданған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қыркүйек айынан бастап медбике "Пневмония" диагнозымен жұмысқа келмеген. Былтыр 23 желтоқсанда науқасқа туберкулез БК+ диагнозы қойылған.
Қазіргі уақытта қызметкер стационарлық ем қабылдауда, науқастың жағдайы жақсарып келеді.
"Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті профилактикалық шараларды жүргізуде: қызметкермен тығыз байланыста болған 55 адам тексерілді, туберкулез анықталған жоқ. Сондай-ақ реанимация бөлімшесінде медбике жұмыс істеген кезеңінде ем қабылдаған 700 бала тұрғылықты жері бойынша тексеріліп жатыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы – шұғыл медициналық көмек көрсететін стационар. Мұнда балаларға эпидемиологиялық статусына қарамастан шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.
Жаңалықтар
0