Ақмола облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

© Photo : ТЖМАқмола облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды
Ақмола облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2025
Жазылу
Жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі - өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің функциялары бірікті
АЛМАТЫ , 12 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысы Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медициналық персоналдың функцияларын біріктірген жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұл бөлімше 1964 жылы салынған, бірнеше ай ішінде толығымен жаңартылды. Бүгінде ол өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи тәсілдің үлгісі.
"Өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту және құтқару жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, медициналық көмек көрсете алатын бірегей бөлімшелер құру — азаматтарымыздың қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам. Макинсктегі бұл жоба тек бастамасы. Біз бүкіл ел бойынша құтқару бөлімшелерін дамытуды және жаңғыртуды жалғастырамыз", - деді төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов.
Жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі - өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің функциялары бірікті, бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттырады.
Нәтижесінде құтқарушылардың еңбек жағдайы да жақсарды: ғимарат жаңартылды, душ бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлмелер мен демалыс бөлмелерін қоса алғанда, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар заманауи түрде жайластырылды.
Жаңалықтар
0