https://sputnik.kz/20250111/zhambyl-oblysynda-dini-radikaldar-tobynyn-11-mushesi-qamauga-alyndy-49895044.html
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қамауға алынды
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 11.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-11T11:18+0500
2025-01-11T11:18+0500
2025-01-11T11:18+0500
діни экстремизм
https://sputnik.kz/img/15/97/159724_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_5a198c94474296335579a57607570e50.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.Олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерінің сезімдерін қорлайтын, өз діндестерінің үстемдігін және өзге сенімдегілердің төмендігін насихаттайтын аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан. Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған."Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталды. Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәларын мойындады", — делінген хабарламада. Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20241104/kentauda-khizb-ut-takhrir-dini-ekstremistik-uyymynyn-zhasyryn-toby-ustaldy--video-48265370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/15/97/159724_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_d1e68f29661074b896eb8de086fb5aab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
діни экстремизм
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қамауға алынды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерінің сезімдерін қорлайтын, өз діндестерінің үстемдігін және өзге сенімдегілердің төмендігін насихаттайтын аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан.
Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған.
"Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталды. Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәларын мойындады", — делінген хабарламада.
Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.