https://sputnik.kz/20250111/zan-zhane-tartip-elordada-qauipsizdik-qalay-qamtamasyz-etiledi-49899551.html
Заң және тәртіп: елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Заң және тәртіп: елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарының құқықтық тәртібін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін... 11.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-11T14:35+0500
2025-01-11T14:35+0500
2025-01-11T14:35+0500
астана
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383463_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_c1e2c674d4855f3144b44ee29bdec455.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарының құқықтық тәртібін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жүргізеді. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мерекелерге дайындық аясында қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігіне ерекше көңіл бөлініп, дағдарыс жағдайларына жедел әрекет етуге дайындыққа қосымша тексерулер жүргізілді.Брифингте Қанат Нысантаев көпшілік іс-шаралар өтетін орындарға ерекше назар аударылғаны туралы айтты. Жаңа жылдық мерекелік алаңдардың жанында, шыршалар орналасқан алаңдарда қосымша полиция бекеттері жұмыс істеді."Астана қаласы Полиция департаменті құқықтық тәртіпті сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады. Біз астаналықтарға мереке кезінде тәртіп сақтағаны үшін алғыс айтамыз", – деді Қанат Нысантаев.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383463_84:0:2813:2047_1920x0_80_0_0_b0034a4ee79340b1f4a799ff8f5e6138.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, полиция
Заң және тәртіп: елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарының құқықтық тәртібін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жүргізеді. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелерге дайындық аясында қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігіне ерекше көңіл бөлініп, дағдарыс жағдайларына жедел әрекет етуге дайындыққа қосымша тексерулер жүргізілді.
"Жаңа жыл күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шамамен үш мың полиция қызметкері тартылды, олар тәулік бойы қызмет атқарды. Жолдағы қауіпсіздікті 660 патрульдік полиция қызметкері бақылады. Қосымша жұмыс істеген Оперативті басқару орталығы күшейтілді, мұнда азаматтардан келіп түскен хабарламалар бойынша "102" телефоны арқылы түсініктеме қабылданды. Қылмыстық жағдайды тәулік бойы бейнебақылау жүйесі арқылы мониторинг жүргізіліп, бұл жағдайды нақты уақытта бақылауға мүмкіндік берді. Қылмыстарды тез ашу үшін қосымша тергеу-оперативті топтар жіберілді", — деп атап өтті ол.
Брифингте Қанат Нысантаев көпшілік іс-шаралар өтетін орындарға ерекше назар аударылғаны туралы айтты. Жаңа жылдық мерекелік алаңдардың жанында, шыршалар орналасқан алаңдарда қосымша полиция бекеттері жұмыс істеді.
"Астана қаласы Полиция департаменті құқықтық тәртіпті сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады. Біз астаналықтарға мереке кезінде тәртіп сақтағаны үшін алғыс айтамыз", – деді Қанат Нысантаев.