https://sputnik.kz/20250111/qytaylyq-kompaniya-qazaqstandyq-arpany-zhetkizuge-qyzygushylyq-tanytyp-otyr-49892173.html
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық компаниясының өкілдерімен кездесті. 11.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-11T09:00+0500
2025-01-11T09:00+0500
2025-01-11T09:00+0500
ауыл шаруашылығы
қытай
https://sputnik.kz/img/09/22/092245_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_9fb7bf8ed82ffc5701f0855bde9d7bdc.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық компаниясының өкілдерімен кездесті. "Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD" компаниясы бас директорының орынбасары Чэнь Хуайань компанияның ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарды саудалау саласындағы қызметі туралы баяндады. Компания құрамында бидай, жүгері, соя, арпа, ет және тыңайтқыштарды саудалаумен айналысатын 5 кәсіпорын бар. Хэнань инвестициялық компаниясы Қытай, Қазақстан және Таиланд провинцияларын қамтиды. Халықаралық сауданы кеңейту шаралары, соның ішінде арпа мен маш импортын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесу соңында тараптар астық, арпа жеткізу және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/22/092245_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_8d2627e7318aaeb3b5517b4936a89f49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, қытай
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық компаниясының өкілдерімен кездесті.
"Қытаймен сауда қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Біз барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделіміз", – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.
"Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD" компаниясы бас директорының орынбасары Чэнь Хуайань компанияның ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарды саудалау саласындағы қызметі туралы баяндады. Компания құрамында бидай, жүгері, соя, арпа, ет және тыңайтқыштарды саудалаумен айналысатын 5 кәсіпорын бар.
Хэнань инвестициялық компаниясы Қытай, Қазақстан және Таиланд провинцияларын қамтиды. Халықаралық сауданы кеңейту шаралары, соның ішінде арпа мен маш импортын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесу соңында тараптар астық, арпа жеткізу және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.