https://sputnik.kz/20250111/menen-suyinshi-surady-erzhan-maksim-khalyqaralyq-bayqauda-gran-pri-zhenip-aldy-49906795.html
"Менен сүйінші сұрады": Ержан Максим халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды
"Менен сүйінші сұрады": Ержан Максим халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Оралдық 17 жастағы әнші Ержан Максим Дубайда өткен "Sanremo best song 2025" халықаралық ән байқауында Гран-при жеңіп алды... 11.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-11T19:15+0500
2025-01-11T19:15+0500
2025-01-11T19:15+0500
ержан максим
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49905717_0:321:960:861_1920x0_80_0_0_2261dcd7f4b55442d97e98f3b9dfc8ef.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Оралдық 17 жастағы әнші Ержан Максим Дубайда өткен "Sanremo best song 2025" халықаралық ән байқауында Гран-при жеңіп алды. Талантты жастың анасымен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесті.Ержан байқауда қазақтың халық әні "Айқаракөзді" орындаған."Мама, Гран-при алдым деп сүйінші сұрады. Қатты қуандым. Халқымыз қолдап жатыр. Бұл Ержанның ғана емес, қазақтың жеңісі. Ертең Ержан ұшып келеді", - деді анасы Гүлмира Әлібек.Ержан 5 жасынан ән айтқан. 9 жасынан бастап халықаралық байқауда жеңімпаз атанған."Алланың берген таланты деп ойлаймын. Жалпы өз атасы да, нағашы атасы да, отбасымызда бәріміз ән айтамыз. Кәсіби емес, бірақ әнді жақсы айтамыз. Әсіресе Ержан ән айтуға өте құмар болды", - дейді Гүлмира Әлібек."Sanremo best song" байқауы – Италияның ән байқауы. Ол жыл сайын ақпан айының ортасында өткізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49905717_0:231:960:951_1920x0_80_0_0_5d7fcafdc8dcac100f903544fa3bb25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ержан максим
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Оралдық 17 жастағы әнші Ержан Максим Дубайда өткен "Sanremo best song 2025" халықаралық ән байқауында Гран-при жеңіп алды. Талантты жастың анасымен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесті.
Ержан байқауда қазақтың халық әні "Айқаракөзді" орындаған.
"Мама, Гран-при алдым деп сүйінші сұрады. Қатты қуандым. Халқымыз қолдап жатыр. Бұл Ержанның ғана емес, қазақтың жеңісі. Ертең Ержан ұшып келеді", - деді анасы Гүлмира Әлібек.
Ержан 5 жасынан ән айтқан. 9 жасынан бастап халықаралық байқауда жеңімпаз атанған.
"Алланың берген таланты деп ойлаймын. Жалпы өз атасы да, нағашы атасы да, отбасымызда бәріміз ән айтамыз. Кәсіби емес, бірақ әнді жақсы айтамыз. Әсіресе Ержан ән айтуға өте құмар болды", - дейді Гүлмира Әлібек.
"Sanremo best song" байқауы – Италияның ән байқауы. Ол жыл сайын ақпан айының ортасында өткізіледі.