https://sputnik.kz/20250111/fristayldan-alem-chempionatynda-qazaqstan-ekinshi-oryn-aldy-49902697.html
Фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын алды
Фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді 11.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-11T18:38+0500
2025-01-11T18:38+0500
2025-01-11T18:38+0500
әлем чемпионы
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49901281_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_bf06b25cf835ed422aeb174293dfbee4.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанекінші орыналды, депхабарлады Туризмжәне спортминистрлігі.Фристайл-могулдан ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49901281_84:0:1197:835_1920x0_80_0_0_1073f20dfb39b0df29ea013550f7c6c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлем чемпионы, жасөспірім
әлем чемпионы, жасөспірім
Фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын алды
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанекінші орыналды, депхабарлады Туризмжәне спортминистрлігі.
"Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді", - деп жазылған хабарламада.
Фристайл-могулдан ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.
Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.
Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді.