Тоқаев озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызы зор екенін айтты

© Photo : АқордаТоқаев жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Тоқаев жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті түрлі салада пайдалану бойынша пікір алмасты
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.
Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.
Жаңалықтар
0