https://sputnik.kz/20250110/shekaralardagy-9-avtokolik-otkizu-punkti-zhanartylyp-zhatyr-49868655.html
Шекаралардағы 9 автокөлік өткізу пункті жаңартылып жатыр
Шекаралардағы 9 автокөлік өткізу пункті жаңартылып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пункті толыққанды жаңартылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің... 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T08:56+0500
2025-01-10T08:56+0500
2025-01-10T08:56+0500
еаэо
шекара
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пункті толыққанды жаңартылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Осы жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 есеге дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру, сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту көзделген.Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны "Qoldau.kz" платформасында және "CargoRuqsat" мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, шекара
Шекаралардағы 9 автокөлік өткізу пункті жаңартылып жатыр
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пункті толыққанды жаңартылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Осы жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 есеге дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру, сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту көзделген.
"Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны "Qoldau.kz" платформасында және "CargoRuqsat" мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.
Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.