https://sputnik.kz/20250110/qytay-qazaqstandy-keleshegi-zor-turistik-bagyt-dep-tanydy-49876632.html
Қытай Қазақстанды келешегі зор туристік бағыт деп таныды
Қытай Қазақстанды келешегі зор туристік бағыт деп таныды
Sputnik Қазақстан
Қытайдан келетін туристер екі есеге өсті 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T12:20+0500
2025-01-10T12:20+0500
2025-01-10T12:20+0500
туризм
қытай
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_0:52:1200:727_1920x0_80_0_0_33bece8049235fd596bd2442d07bca16.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қытайда Қазақстан "Ең келешегі зор жаңа бағыт 2025" сыйлығын алды."Kazakh Tourism" компаниясына сыйлықты Қытайдың жетекші онлайн туристік агенттігі "Tongcheng Travel" табыстады.Платформаның 2024 жылға арналған деректеріне сәйкес, қытай туристері арасында Қазақстанға саяхатқа деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда күрт 300%-ға өсті. Онлайн туристік агенттік бұл қарқын биыл да жалғасады деп болжап отыр.2024 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша Қытайдан келушілер ағыны 2023 жылмен салыстырғанда 78 пайызға артып, 655 мың адамды құрады.Бұл еліміздің табиғи ландшафттарына, тарихи ескерткіштері мен мәдени мұраларына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді, дейді сала мамандары.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_82:0:1119:778_1920x0_80_0_0_45bf24a3d4fa3a13dd171ed1a7b584cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, қытай
Қытай Қазақстанды келешегі зор туристік бағыт деп таныды
Қытайдан келетін туристер екі есеге өсті
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қытайда Қазақстан "Ең келешегі зор жаңа бағыт 2025" сыйлығын алды.
"Kazakh Tourism" компаниясына сыйлықты Қытайдың жетекші онлайн туристік агенттігі "Tongcheng Travel" табыстады.
Платформаның 2024 жылға арналған деректеріне сәйкес, қытай туристері арасында Қазақстанға саяхатқа деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда күрт 300%-ға өсті. Онлайн туристік агенттік бұл қарқын биыл да жалғасады деп болжап отыр.
"Туризм жылының қорытындысы бойынша біз Қытайдан келетін туристер санының екі есеге дерлік артқанын және қытайлық туристердің Қазақстан бойынша саяхаттауға деген қызығушылығын байқадық. Біз бұл қарқынды қолдап, Қытайдағы жетекші онлайн платформалармен ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз", - деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
2024 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша Қытайдан келушілер ағыны 2023 жылмен салыстырғанда 78 пайызға артып, 655 мың адамды құрады.
Бұл еліміздің табиғи ландшафттарына, тарихи ескерткіштері мен мәдени мұраларына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді, дейді сала мамандары.