https://sputnik.kz/20250110/qtzh-basshysy-toqaevqa-infraqurylymdyq-zhobalardyn-iske-asyryluy-turaly-esep-berdi-49885572.html
ҚТЖ басшысы Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы есеп берді
ҚТЖ басшысы Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы есеп берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T15:45+0500
2025-01-10T15:45+0500
2025-01-10T15:45+0500
қасым-жомарт тоқаев
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0a/49884913_122:0:1160:584_1920x0_80_0_0_2888ea31499cedc944aa2bb87c517222.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді. Негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты. Ұлттық компания басшысы берген мәліметке сүйенсек: Сондай-ақ Сауранбаев ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы және транзит әлеуетін дамыту жөнінде берген президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.Оның айтуынша, 2800 шақырымнан астам темір жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал бағыттарында және Алматы торабының айналма жолында 1000 шақырымнан астам жаңа желі салынып жатыр. Достық – Мойынты учаскесі және Жетіген – Қазыбек-бек айналма желісінің екінші жолдарын салу жұмыстары кестедегі мерзімінен бұрын, яғни биыл аяқталады.Қазақстандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін терминал желісінің кеңейіп жатқаны туралы мәлімет бердіСонымен қатар мемлекет басшысы қолдау білдірген бірқатар жаңа жобаларды таныстырды. Компания инфрақұрылымды, терминал желісін дамытуға және цифрлық шешімдерді енгізуге баса назар аударатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттардағы жұмысты жандандырудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, алға қойған міндеттерді жоспарлы іске асыру Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20241014/togyz-ayda-qazaqstan-temir-zholy-190-million-tonna-zhukti-tasymaldady-47822511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0a/49884913_251:0:1030:584_1920x0_80_0_0_25900e694996e9cefd59ba6eceb1f93a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, теміржол
қасым-жомарт тоқаев, теміржол
ҚТЖ басшысы Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы есеп берді
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді. Негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты. Ұлттық компания басшысы берген мәліметке сүйенсек:
Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құраған.
Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш, әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық;
Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады.
Сондай-ақ Сауранбаев ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы және транзит әлеуетін дамыту жөнінде берген президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.
Оның айтуынша, 2800 шақырымнан астам темір жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал бағыттарында және Алматы торабының айналма жолында 1000 шақырымнан астам жаңа желі салынып жатыр. Достық – Мойынты учаскесі және Жетіген – Қазыбек-бек айналма желісінің екінші жолдарын салу жұмыстары кестедегі мерзімінен бұрын, яғни биыл аяқталады.
Қазақстандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін терминал желісінің кеңейіп жатқаны туралы мәлімет берді
"Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалы іске қосылды. Бұл Транскаспий бағыты арқылы Қытайдан келетін тасымалдың ұлғаюына ықпал етті. Алматы қаласында, Әзербайжанның Алят теңіз портында, Мажарстан астанасы Будапешт қаласында, Мәскеу маңындағы Селятино кентінде Шығыс – Батыс бағыты бойынша терминалдардың құрылысы басталды. Қытайлық серіктес Ляньюньган портымен бірлесіп, Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары қолға алынды", - дейді Сауранбаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қолдау білдірген бірқатар жаңа жобаларды таныстырды. Компания инфрақұрылымды, терминал желісін дамытуға және цифрлық шешімдерді енгізуге баса назар аударатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттардағы жұмысты жандандырудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, алға қойған міндеттерді жоспарлы іске асыру Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.