https://sputnik.kz/20250110/ishki-ister-ministrliginin-zhogary-lauazymdy-qyzmetkeri-ustaldy-49875224.html
ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
Sputnik Қазақстан
Бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T11:35+0500
2025-01-10T11:35+0500
2025-01-10T11:49+0500
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/13/47951438_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a670b73e6c9ab3ab7c5d740fdccf0a07.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.Қазіргі таңда комитет Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.Айта кетері, бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін.Қылмыстық кодекс бойынша пара алғаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Ал қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/13/47951438_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_1309c7fcd29d5edeb74fbb9c5b4cf437.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі
ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
11:35 10.01.2025 (жаңартылды: 11:49 10.01.2025) Бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
Қазіргі таңда комитет Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Айта кетері, бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекс бойынша пара алғаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.