Былтыр Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Былтыр 107,9 мың, оның ішінде 52,4 мыңға жуық жұмыссыз азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында курстан өткені туралы сертификат алды.
Skills Enbek-те барлығы 498,7 мың қазақстандық тіркелсе, оның 135,0 мыңы 2024 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 410,9 мың адам оқудан өтті.
Оқудан өткен 52,4 мың жұмыссыз азаматтың 16,2 мыңға жуығы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларының жастары.
Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыт бойынша 643 курс жариялады, оның 302-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар – "Построение отдела продаж в отеле", "Пішу және тігу", "Продавец", "Введение в социальную работу" және "Кассир".
Платформа үш тілде қолжетімді. Skills Enbek-те жұмыссыздардың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің және мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін жеке көмекшілердің біліктілігін жаппай арттыру үшін жағдайлар жасалған. Сонымен қатар сертификатты жүктеу кезінде оған жаңа функционал қосылды, яғни Электронды еңбек биржасына (Enbek.kz) да көшірілуі арқылы алынған дағдылар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс.
Алынған сертификат Еnbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыскерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Skills Enbek-те тіркелу және платформада жұмыс істеуге қатысты барлық мәселе бойынша "ЕРДО" АҚ жауапты қызметкерлерімен мына телефондары арқылы байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі: 877, 878, 888).
Жаңалықтар
0